Петропавлда тасқында зардап шеккен су сорғы стансасы жөнделуде

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов тасқын кезінде зардап шеккен бірінші көтергіш сорғы станциясында болды. Қазір станса жаңғырту жүріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігінің мәлімдеуінше, «Kazminerals» компаниясының қаржысына құрылыс жұмыстары жүргізіліп, сорғы қондырғысы ауыстырылады.

Сондай-ақ, жергілікті бюджеттен сорғы стансасын үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз ету үшін ұзындығы 3,5 шақырым жер асты кабель желісі тартылады. Сонымен қатар, станса айналасындағы бөгет те нығайтылмақ.

Биылғы су тасқыны қосымша су желісінің қажеттілігін көрсетті. Ойқаладағы сорғы стансасын қалпына келтіру туралы шешім қабылданды. Онда сорғы станциясы салынбақ, қазір жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

Биылғы су тасқыны кезіндегідей Петропавл уақытша негізгі су құбырынсыз қалса, резервтік станса балама ретінде тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз етеді, - деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы