Петропавлда суға кеткен баланың денесі табылды

Есіл өзеніне шомылуға барып, батып кеткен 10 жасар баланың денесі қала маңындағы елді мекендердің бірінің жанынан табылды, деп жазады BAQ.KZ.

Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, суға кеткен баланың денесін іздеуге 12 құтқарушы, 2 арнайы техника, ұшқышсыз басқарылатын ұшатын аппарат және еріктілер шыққан.

2014 жылы туған Саймухиддиновтың денесі Петропавлдан шамамен 20 шақырым жерден, Соколовка елді мекені маңынан табылып, судан шығарылды.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы