Петропавлда су тасқынан зардап шеккен 53 отбасыға жаңа үй кілті табысталды

Су тасқынынан зардап шеккен СҚО тұрғындарына 53 жаңа үйдің кілті табысталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Салтанатты іс-шара жаңа үйлер тұрғызылған "Бірлік" шағын ауданында өтті. Жиынға облыс және қала әкімдігі мен қала тұрғындары қатысты.

Тасқыннан зардап шеккен тұрғындардың алғашқы легі жаңа қонысқа ие болады. Мемлекет басшының тапсырмасына сай, жаңа үйлер салынып жатыр. Қаржы бөлген демеушілерге және тез арада баспананы тұрғызған құрылысшыларға алғыс айтамын. Биыл зардап шеккен азаматтарға қиын жыл болды. Қиындықтың бәрі артта қалсын. Жаңа үйлеріңізде тек береке мен бақыт орнасын. Жаңа қоныс құтты болсын! Бірлігіміздің арқасында үлкен елді мекен бой көтерді. Сол себепті жаңа шағын ауданға "Бірлік" деген атау берілді, – деді Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

"Қазақстан халқы" қорының төрағасының орынбасары Ләззат Шыңғысбаева жұмыстың қалай басталғанын айтты.

Облыс әкімімен бірлесіп отырып, жұмысты бастаған едік. Бастысы, үйдің әдемілігі ғана емес, сапасы да мықты болғанын ескердік. Біз үйді қай жерге саламыз деп көп ойландық. Бұл жерге келгенде кең дала еді. Ал, бүгін көріп өзіміз қуанып жатырмыз. Өйткені халық жаңа өмір бастап жатыр, – деді Ләззат Шыңғысбаева.

"Бірлік" ауданының алғашқы тұрғыны Лариса Казькова атанды. Ол енді шағын аудандағы нөмірі бірінші баспанада тұрады.

Өзім балабақшада жұмыс істеймін, ал күйеуім алыс сапарларға шығып, көлік жүргізеді. Шынымды айтсам? Дәл қазір қатты қуанып тұрмын. Оның үстіне дәл бізге нөмірі 1-ші пәтер беріледі деп ойлаған да жоқпын. Үйімізді су алып кеткен кезде қандай құжат жинау керегін білмедім. Әбден сасып қалдық. Кейін қала әкімдігі  тасқыннан зардап шеккенбірнеше  азаматты шақырды. Солардың арасында мен болдым. Қала әкімдігіне алғысым шексіз, – деді ол.

Казькова жаңа үй қатты ұнағанын айтады.

Жаңа үйіме ең бірінші гүл отырғызамыз. Бәріміздің қуанышымыз ұзаққа созылсын дегім келеді. Кейін басқа да жоспарларымыз пайда бола жатар, – деді Лариса Казькова.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы