Петропавлда салымшыларды сан соқтырған құрылыс фирмасының басшылары сотталды
Солтүстік Қазақстан облыстық соты аталған құрылыс компаниясының құрылтайшысы мен басшысына салымшыларды алдау бойынша атышулы іс бойынша шығарылған үкімді өзгеріссіз қалдырды. Бұл ақпаратты өңірлік прокураратура нақтылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының хабарлауынша, сотталғандар Петропавл қаласында салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйді адал баспана салушылар ретінде имидж құра отыра салымшылардың ақшасын ұрлағандықтары үшін жазаланды.
Іс жүзінде олар ақшаны құрылысқа қатысы жоқ қажеттіліктерге жұмсаған. Мемлекеттік айыптау алаяқтардың облыс орталығының 48-ден астам тұрғынын алдап, 400 миллион теңгеден астам шығын келтірілгенін дәлелдеді, екі адамның 6 жылға нақты бас бостандығынан айырылуына қол жеткізді. Апелляцияда облыс прокуратурасы алданған азаматтардың талаптарын қолдап, соттың қаулысымен олардың мүдделері талаптарын қанағаттандыру арқылы қорғалды, - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы