Петропавлда құтқарушылар үйде қамалып қалған сәбиді құтқарды
Петропавл қаласының тұрғыны құтқарушылардан көмек сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сүйенсек, кіреберіс есік жабылып қалып, үйдің ішінде кішкентай бала қамалып қалған.
Шақыртуға шыққан ТЖМ құтқарушылары баспалдақтың көмегімен пәтерге терезе арқылы кіріп, баламен бәрі жақсы екеніне көз жеткізгеннен кейін, оны анасына тапсырды. Анасы баланы құшағына алды, - делінген хабарламада.
Бала зардап шеккен жоқ. Баланың анасы құтқарушыларға шын жүректен алғысын білдірді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақтөбеде дзюдодан Қазақстанның іріктеу чемпионаты өтеді
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы