5 Қазан 2026, 23:27 Фото: pixabay

Петропавлда қонақүйден өрт шықты

Өрт шамамен 2 шаршы метр аумақты шарпыған.

Петропавлдағы Жаңа көшесінде орналасқан екі қабатты қонақүйдің екінші қабатындағы бөлмеден өрт шықты.

Алдын ала мәлімет бойынша, кондиционердегі қысқа тұйықталудан жиһаз тұтанған. Өрт шамамен 2 шаршы метр аумақты шарпыған.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына 4 минут ішінде жетті. Құтқарушылар бөлме балконында екі адамның тұрғанын байқап, оларды үш иінді сатының көмегімен екінші қабаттан қауіпсіз жерге түсірді.

Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Құтқарушылар электр құрылғылары мен кондиционерлердің жарамдылығын тұрақты тексеруге шақырады. Өрттің алғашқы белгілері байқалған жағдайда дереу 112 нөміріне хабарлау қажет.