17 Шілде 2026, 14:43
Фото: Istockphoto
Петропавлда пешті бензинмен жақпақ болған ер адам күйіп қалды
Бірнеше секунд ішінде от лапылдап кетіп, оның бетін, мойнын, кеудесін және екі қолын күйдірген.
Пешті бензинмен жақпақ болған ер адам күйіп қалып, ауруханаға түсті.
Көпбейінді қалалық жедел медициналық көмек ауруханасының бет-жақ бөлімшесіне ауыр күйік шалған 68 жастағы ер адам жеткізілген.
Алдын ала мәліметтер бойынша, ол жарақатты пешті бензинмен тұтатпақ болған кезде алған. Бірнеше секунд ішінде от лапылдап кетіп, оның бетін, мойнын, кеудесін және екі қолын күйдірген.
Тексеруден кейін дәрігерлер 2-3А дәрежелі жалыннан болған термиялық күйік диагнозын қойды. Денесінің зақымдану аумағы 22%-ды құрады.
Қазіргі уақытта емделуші медицина мамандарының бақылауымен ем қабылдауда.
- Оңтүстік Кореяда рекордтық ыстықтан егістікте картоп «пісіп» жатыр 10:45
- Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерін көбірек өңдей бастады – сарапшы 10:35
- Неліктен қалалықтарға қарағанда ауыл тұрғындары сайлауда белсенді болады? – Сарапшы түсіндірді 10:21
- «JASTAR CAMP»: Қазақстанның 500-ге жуық жасы «Әділет» партиясымен кездесті 10:05
- «Рекультивация» деген сылтаумен 1 млрд теңгенің марганец кенін өндірген топ ұсталды 09:51
- Тоқаев Пәкістан Премьер-министрінің Астанаға сапарын асыға күтетінін айтты 09:45
- Түркияда туристік кеме өртеніп, 115 жолаушы құтқарылды 09:33