Петропавлда өрттен 30 адам құтқарылды

ТЖМ құтқарушылары жанып жатқан үйден 30 адамды құтқарып, эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, Петропавл қаласында Назарбаев көшесі бойындағы бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатында орналасқан пәтерден өрт шыққан.

ТЖМ күштері баспалдақ маршымен 30 тұрғынды құтқарып, эвакуациялады. Өрт сөндірілді, өрттің одан әрі таралуына жол берілмеді, - делінген хабарламада.

Оқиға орнынан 30 адам құтқарылды.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалу қажет.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов архив
Өзгелердің жаңалығы