7 Желтоқсан 2024 2024, 15:28
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Петропавлда өрт кезінде 15 адам құтқарылды
Қазақстан ТЖМ құтқарушылары өрт кезінде 15 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстан ТЖМ құтқарушылары өрт кезінде 15 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Петропавл қаласында екі қабатты тұрғын үйдің жертөлесінде қоқыс пен үй заттары жанды.
ТЖМ күштері баспалдақ маршымен 15 адамды, оның ішінде 3 баланы эвакуациялады.
Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттің таралуына жол берілмеді. Өрт оқшауланды.