"Бәлішті әжелерімізден қалған рецепт бойынша жасаймыз. Оны барлығымыз сүйсініп жейміз. Әсіресе, балаларымыз бен немерелеріміз жақсы көреді. Сондықтан, оларға үнемі таңғы асқа дайындап береміз", - дейді "Видергебурт" неміс этномәдени орталығының мүшесі Эльвира Родина.
Кеште "Полька" флешмобы өтті. Мұнда студенттер неміс халқының ұлттық биін бір кісідей билеп, ән шырқалды.
"Іс-шараның мақсаты – студенттерге неміс халқының мәдениеті мен салт-дәстүрін таныстыру. Менің ойымша, бұл жиын жастарға ұнады. Енді қазанның 25-күні университетімізде Герольд Бельгердің 85 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткіземіз, ал 24 қазанда діни ағымдар жайлы сөз болады. Университет қабырғасында неміс мәдениеті күндері қазанның 25 күні аяқталады. Одан кейін студенттер үнді халқының тарихы, салт-дәстүрімен кеңірек танысуға мүмкіндік алмақ", - деді М. Қозыбаев атындағы СҚМУ "Қазақстан халқы Ассамблеясы" кафедрасының меңгерушісі Людмила Гривенная.