Кеше 2026, 12:19 Фото: ©BAQ.KZ архиві

Петропавлда Назарбаев мектебінің оқушысы 3-қабат терезесінен құлады

Оқушы жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр.

Петропавл қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы терезеден құлап кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Петропавл қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде төтенше жағдай орын алды. Мектеп оқушысы үшінші қабаттың терезесінен құлап кеткен. 

Оқу орнының мәлімдеуінше, қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

17 ақпанда мектеп оқушысы үшінші қабаттан құлап, жарақат алды. Қазіргі уақытта ол ауруханада жатыр, - деп түсіндірді Петропавл қаласындағы НЗМ баспасөз қызметі.

Зардап шеккен оқушы түрлі жарақаттармен қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілген. 

Оқушы жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр. Бірақ есін біледі. Толығырақ ақпаратты кейінірек хабарлаймыз, - деп хабарлады Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.