Петропавлда кісі өлтірді деген күдікті тергеу изоляторында өзін өртемек болды
Петропавл қаласындағы тергеу изоляторында кісі өлтірді деген күдікпен қамалған азамат өзін-өзі өртемек болған, деп хабарлайды BAQ.KZ Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚАЖД мәліметінше, қабылданған шұғыл шаралардың арқасында өрттің алдын алу мүмкін болған.
Күдіктінің денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ, ауруханаға жатқызуға қажеттілік жоқ. Психолог ер адаммен жұмыс істеуде, - делінген хабарламада.
Қазір бұл оқиғаға байланысты қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы