Кеше 2026, 22:24 Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Петропавлда газбен жүретін көлік өртеніп кетті

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғадан зардап шеккендер жоқ.

Петропавл қаласындағы Уәлиханов көшесінде газ-баллон жабдығымен жабдықталған жеңіл автокөлік өртенді.

Оқиға орнына жедел жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері өртті қысқа уақыт ішінде оқшаулап, 16 минутта толық сөндірді. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында жалынның одан әрі таралуына жол берілген жоқ.

Өрт салдарынан маңайда тұрған тағы бір автокөлік жоғары температураның әсерінен зақымданған.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғадан зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.