Петропавлда екі жұмысшы биіктен құлап, біреуі көз жұмды
Петропавлда инженерлік жұмыстар кезінде көтергіш люлька үзіліп, соның салдарынан екі жұмысшы шамамен жеті метр биіктіктен құлап кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқиға салдарынан жеке компанияның 35 жастағы инженері алған жарақаттарынан қаза тапты. Ал оның 31 жастағы әріптесі, "Қазақтелеком" қызметкері, ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бойынша еңбекті қорғау талаптарын бұзуға қатысты баппен сотқа дейінгі тергеу басталды. Ведомство қазіргі уақытта болған жайттың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада монша кешені өртенді
Келесі жаңалық
Қостанай облысында сүт өндірісі 10%-ға артты
Өзгелердің жаңалығы