11 Шілде 2025 2025, 18:49 Фото: gov.kz

Петропавлда "Ботай" ескерткіші ашылды

Бүгін қаланың кіре берісінде Ботай мәдениетіне арналған ерекше археологиялық ескерткіштің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін қаланың кіре берісінде Ботай мәдениетіне арналған ерекше археологиялық ескерткіштің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Айта кету керек, 6 мың жыл бұрын Солтүстік Қазақстан жерінде жылқы алғаш рет қолға үйретілген. Ал Ботай қонысы — әлемдік деңгейдегі маңызды археологиялық жаңалық.

Жаңа монумент — Қазақстан мен бүкіл адамзат тарихындағы Ботай мәдениетінің маңызын бейнелейтін өнер туындысы. Бұл жоба ата-баба мұрасын ұлықтап, туған өлке тарихына қызығушылықты арттыруға бағытталған.