Петропавлда бір үйден 3 адамның денесі табылды

Петропавлда Рабочий елді мекеніндегі үйлердің бірінен үш адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қылмыскерлер ер адам, әйел және олардың 17 жастағы ұлын өлтіріп кеткен.

Бір отбасы мүшелерін не үшін өлтіріп кеткені әзірге белгісіз.

Отбасының жерлеуге арналған қызмет көрсететін дүкені болғаны белгілі.

Кейін полицейлер жан түршігерлік қылмысты жасады деген күдіктінің ұсталғанын хабарлады.

Полицейлер жедел түрде Петропавл қаласының екі тұрғынын анықтап, ұстады.Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.Қазіргі таңда істің барлық мән-жайын толық, жан-жақты және объективті зерттеуге бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы «Екі немесе одан да көп адамды өлтіру» бойынша тіркелді, - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы