Петропавлда бағаны рубльмен көрсеткен супермаркет жауапкершілікке тартылды
Солтүстік Қазақстан облысында Петропавл қаласының тұрғыны баға белгілеу заңнамасының бұзылуына байланысты Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне шағымданды. Оның айтуынша, қаладағы супермаркеттердің бірінде тауардың бағасы ұлттық валюта – теңгемен емес, Ресей рублімен көрсетілген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Солтүстік Қазақстан облысында Петропавл қаласының тұрғыны баға белгілеу заңнамасының бұзылуына байланысты Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне шағымданды. Оның айтуынша, қаладағы супермаркеттердің бірінде тауардың бағасы ұлттық валюта – теңгемен емес, Ресей рублімен көрсетілген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Түскен өтініш негізінде департамент мамандары сауда нысанына жоспардан тыс тексеріс жүргізді. Тексеру барысында заң бұзушылық фактісі расталып, баға белгілерінде шетел валютасы көрсетілгені анықталды. Бұл Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы, себебі тауарлар мен қызметтердің бағасы тек теңгемен көрсетілуі тиіс.
Тексеру нәтижесінде супермаркет иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, департамент анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беріп, сауда орнының басшылығына баға белгілерін заң талаптарына сәйкестендіруді міндеттеді.
Мұндай жағдайлар тұтынушыларды шатастырып қана қоймай, олардың құқықтарын да бұзады. Бағаның шетел валютасымен көрсетілуі есеп айырысуда қиындықтар туғызып, сауда орындарына деген сенімсіздік қалыптастыруы мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облысының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті әрбір азамат тауардың құны туралы дұрыс әрі ашық ақпарат алуға құқылы екенін еске салады. Заң бұзушылық анықталған жағдайда тұтынушылар өз мүдделерін қорғау үшін уәкілетті органдарға жүгіне алады.
- Трамптың отбасына криптобанк құруға алдын ала рұқсат берілді 07:10
- SpaceX Falcon 9 зымырандарын небәрі 38 минут аралықпен ұшырып, жаңа рекорд орнатты 06:27
- Алматы тауларында құтқарушылар жоғалған туристі тауып, жолай тағы бір туристке көмектесті 05:47
- «Артық төлеуге тура келеді»: Трамп америкалықтарды бензин бағасының өсуіне дайын болуға шақырды 04:38
- ДДСҰ биыл денсаулық сақтау нысандарына жасалған 900-ден астам шабуылды тіркеді 03:25
- Лисаковта 22 жастағы жігіт тұрғын үйдің сегізінші қабатынан құлап кетті 02:17
- Акмарал Ерекешева әлемнің үздік бес гимнастшысының қатарына енді 01:25