10 Қаңтар 2025 2025, 07:45 Фото: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Петропавлда азық-түлік дүкенінен өрт шығып, 68 адам эвакуацияланды

Петропавлда Конституция көшесіндегі көппәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан азық-түлік дүкенінен өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Петропавлда Конституция көшесіндегі көппәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан азық-түлік дүкенінен өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР Төтеше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, тұрғындардың эвакуацияланды.

Зардап шеккендер турпалы ақпарат түскен жоқ.

ТЖМ құтқарушылары 68 адамды, оның ішінде 18 баланы эвакуациялады.

Эвакуацияланғандарды жылыту үшін вахтовка жұмылдырылған.

Оқиға орнында ТЖД басшылығымен 3 өрт сөндіру учаскесі мен жедел штаб ұйымдастырылды. Сонымен қатар ТЖД психологтары да жұмыс істеуде.

Құтқарушылар өртпен арпалысып жатыр.