Петропавлда алғашқы қар жауды

Түнде Петропавлда алғашқы қар жауды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Қазақпарат жазды. Әлеуметтік желі қолданушылары жауған қардың суреттерімен бөлісіп жатыр.

Қар басқан шатырлар, көліктер, орындықтар қыстың жақындағанын еске салады.

Петропавлда таңғы сағат 8:00-де термометр нөл градусты көрсетті. Қалада күндіз үш градус жылы болады.

Биыл қыркүйек айы солтүстікқазақстандықтарды ұзақ уақыт бойы жылы, тіпті ыстық ауа райымен қуантты.

26 қыркүйек күні ауа температурасы күрт төмендеді. Апта өңірде толассыз жаңбырмен басталған еді.

Былтыр облыста алғашқы қар 28 қыркүйекте жауған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы