Петропавлда 76 жастағы қарт әже құтқарылды

76 жастағы қарт әже Петропавл қаласында құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Петропавл қаласында көппәтерлі үйдің тұрғынынан, пәтердің есігі құлыпталып, пәтерде қарт адам қалып қойғаны жөнінде хабарлама түсті, - делінген ведомство ақпаратында.

Белгілі болғандай, 1948 жылы туған әйел өз пәтерінде құлап, өздігінен тұра алмаған.

Құтқарушылар есікті ашып, еденде жатқан қарт әжені жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Өзгелердің жаңалығы