Петропавлда 4 жылда барлық көшеге асфальт төселеді

Бүгін СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қала жолдарын жөндеу барысын тексерді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Биыл Петропавлда жол инфрақұрылымын жаңарту бойынша ауқымды істер атқарылуда. Жөндеу жұмыстары облыс орталығындағы 57 көшені қамтыды. Оның ішінде 39 көшеге алғаш рет асфальт төселмек. Осының арқасында биыл жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 50 пайыздан 67 пайызға дейін өспек. Қала басшылығына алдағы 4 жылда Петропавлдағы барлық жолдарға асфальт төсеуге тапсырма берілді.

Сондай-ақ өңір басшысы қаланы аралау барысында Жұмысшы кентіндегі жол өткелінің құрылысын және Жуков көшесіндегі кәріз коллекторының қайта жаңғырту жұмыстарын тексерді. Сонымен қатар, «Береке» шағын ауданында спорт кешені мен арнайы мектептің құрылысы аяқталуда. Бұл ықшам ауданда салынып жатқан жайлы мектеп пен балабақша құрылысының қарқынын да бақылады.

Негізгі міндет – құрылыстың жақсы қарқынын қамтамасыз ету және барлық жобаларды мерзімінде аяқтау, - деп жазды облыс әкімі әлеуметтік желіде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы