17 Қыркүйек 2024 2024, 21:45 Фото: видеодан кадр

Петропавлда 220 адам өрттен құтқарылды

Петропавлдық құтқарушылар 220 тұрғынды құтқарып және эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Петропавлдық құтқарушылар 220 тұрғынды құтқарып және эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сүйенсек, Петропавл қаласы Парковая көшесінің бойында тоғыз қабатты тұрғын үйдің сегізінші қабатында үй заттары мен жиһаз жанған.

ТЖМ күштері баспалдақ маршымен 3 адамды құтқарып, 217 адамды, оның ішінде 21 баланы эвакуациялады. Өрт толығымен сөндірілді, өрттің себебі анықталып жатыр, - делінген ведомство хабарламасында.

Белгілі болғандай, бір адам ауруханаға жатқызылды.