Петропавлда 18 жастағы футболшы қайтыс болды

16 қазан күні сағат 20:04 шамасында Петропавл полициясына медициналық мекеменің қабылдау бөлмесінде 18 жастағы қала тұрғыны қайтыс болды деген хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Polisia.kz мәліметінше, жас жігітті Жамбыл-Чайковский көшелерінің қиылысында орналасқан футбол алаңынан дәрігерлердің алып кеткені анықталды. 

Футбол ойнау кезінде қала тұрғыны өзін жайсыз сезініп, көгалға құлаған. Факт ҚР ҚК-нің 001-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Істің барлық мән-жайларын зерттеуге бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, оның нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы