Петропавл ЖЭО жылу беру маусымына дайындық мәселесі тұрақты бақылауда
3 қыркүйекте Энергетика министрлігінің басшылығы және Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің өкілдерінің қатысуымен Петропавл ЖЭО-2 аумағында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына кезекті тексеру жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алдағы жылу беру маусымына дайындық барысымен танысу кезінде «Севказэнерго» АҚ басшылығы қатысушыларға ПЖЭО-2 негізгі жабдығында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары туралы баяндап, ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін суық түскенге дейін 12 қазандықтың 11-і және екі түтін құбыры дайын болатынын хабарлады.
25 градусқа дейінгі температурада 9 қазандық қажет, қатты аяз болмаған кезде 2 қазандық резервте қалады, ал егер температура 25 градустан төмен болса, 10-шы қазандық жұмысқа қосылады, ал біреуі резервте қалатыны атап өтілді.
«Севказэнерго» АҚ басшылығының ақпараты бойынша, объектіде құлаған бірінші түтін құбырын бөлшектеу толық жүруде, талдауды қыркүйек айының ортасына дейін аяқталады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, жаңа құбырдың құрылысы 2023 жылдың сәуір айында басталып келесі жылыту кезеңінің басында аяқталады.
Әкімдік өкілдері 20 қыркүйекте қалалық әлеуметтік нысандарға, одан әрі бекітілген кестеге сәйкес тұрғын үй қорына олардың дайын болуына қарай жылу беруді бастау жоспарланып отырғанын хабарлады.
Өз кезегінде Энергетика вице-министрі ПЖЭО-2-де отынның нормативтік қорын қамтамасыз ету және кестеге сәйкес жылыту маусымына дайындық бойынша барлық ағымдағы жұмыстарды толық көлемде аяқтау қажеттігіне назар аударды.