Петропавл қаласының әкімі отставкаға кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Петропавл қаласы әкімі Болат Жұмабеков отставкаға кеткендігі туралы жазбаны әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жариялады.
Бүгін мен отставкаға кету туралы шешім қабылдадым. Үш жыл ішінде біз бірлесіп көптеген сынақтардан өттік: карантин, қаланың жабылуы, қаңтардағы оқиғалар, тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық және құрылыс бойынша көптеген мәселелер. Осы кезеңдерде қалалық әкімдіктің барлық командасы өздерін кәсіби жағынан көрсетті. Әріптестерге, коммуналдық кәсіпорындарға, кәсіпкерлерге, ПИК және меншік иелері бірлестіктерінің төрағаларына, депутаттарға, Қоғамдық кеңес мүшелеріне, БАҚ өкілдеріне, құқық қорғау, денсаулық сақтау және білім беру органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ барлық белсенділерге бірлескен жұмысы үшін жеке алғысымды жеткіземін, - делінген жазбада.
Маусымның 10-ы күні Петропавл қаласының 270 жылдығы атап өтілмек. Ауқымды бағдарлама шілденің екінші жексенбісі күні сағат 11.00-де басталып, кешке мерекелік концертпен аяқталады.