Петропавл қаласының 2 тұрғыны сепаратистік әрекеті үшін сотталды
2024 жылдың қараша айында Петропавл қалалық сотының 2 үкімі заңды күшіне еніп, онда 2 қала тұрғыны сепаратистік әрекеті үшін нақты бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы мәлім еткендей, соңғысы «Чат Рулетка» сайтындағы «YouTube» бейнехостингі арқылы Қазақстан Республикасының тұтастығын, оның аумағына қол сұғылмауын және бөлінбеуін бұзуды насихаттағанын жоққа шығарды.
Дегенмен, «Instagram» және «TikTok» әлеуметтік желілерінде жарияланған материалдар бұлтартпас дәлел болды.
Мұндай әрекеттерді жасағаны үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 180-бабына сәйкес бір ғана жазаны - бас бостандығынан айыруды қарастырады. Сотталғандар жазасын орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болады, - делінген хабарламада.
Жалпы, 2024 жылдың өткен кезеңінде облыс соттары ұлтаралық араздық пен сепаратизмді қоздыру фактілері бойынша 14 адамға қатысты 10 қылмыстық істі қарады.