Петропавл қаласында заңсыз майнингтік қызмет фактісі анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аталған факт бойынша ҚК-нің 214-бабына сәйкес (заңсыз кәсіпкерлік қызмет) сотқа дейінгі тергеу ісі жүргізілуде. 

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының майнингтік фермаларды анықтауға қатысты тапсырмасын орындау барысында Солтүстік-Қазақстан облысы бойынша Қаржылық мониторингі агенттігінің аумақтық департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу шеңберінде криптоферманың қызметін жолын кесті. 

Майнигтік ферманың жұмысы үшін бұрынғы көкөніс қоймасының шаруашылық бөлмесі ретінде қайта жабдықталған, онда 273 бірлік мөлшерінде криптовалюталарды өндіруге арналған жабдықтар болды.

Майнингтік фермасынын электр қуатын тұтыну айына шамамен 146 Мвт-ты құрады.

Криминалист сараптамасының қорытындысына сәйкес, табылған жабдық сандық криптовалютаны "өндіру" үшін қолданылатын шифрлау кешені болып табылады.

Маманның қорытындысына сәйкес, алынған криптовалюта түріндегі алдын ала заңсыз ақшалай кіріс 68 331 022 теңгені құрайды.

Заңды бұза отырып жұмыс істейтін криптофермалар электр желісіне жүктеменің күрт артуына әкеліп соқтырады және тұрғындар үшін электр қуатының жиі апаттық сөндірілуіне себеп болады.

Аталған факт бойынша ҚК-нің 214-бабына сәйкес (заңсыз кәсіпкерлік қызмет) сотқа дейінгі тергеу ісі жүргізілуде. 

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы