Петропавл қаласында 700 саяжай су астында қалды
Петропавл қаласында 700 саяжай су астында қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Зардап шеккендер жоқ.
Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Есіл өзені тасып, Заречный кенті маңындағы екі жолды бойлай ағып жатыр. Осыған байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды.
Мамандардың айтуынша, жағдай бақылауда. Дегенмен, көктемгі тасқынның шарықтау шегі сәуірдің 19 мен 20-ында. Қазір Есіл, Қызылжар және Шал ақын аудандары тұсында су деңгейі көтерілген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы