Бүгiн 2026, 16:01 Фото: СҚО ПД

Петропавл орталығында қыздарға тиіскен жігіт жауапқа тартылды

Құқық бұзушының жеке басы мен жүрген жері видео арқылы анықталды.

Петропавл қаласында қыздарға қатысты әдепсіз әрекеттер жасаған велосипедші жауапқа тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ

Полиция қызметкерлері құқық бұзушының жеке басы мен жүрген жерін видео арқылы анықтап, содан кейін оны ұстаған. Ол Қызылжар ауданының 20 жастағы тұрғыны екені анықталды.

Ол кешкі уақытта орталық жаяу жүргіншілер көшесінде велосипедпен жүріп, қыздарға қатысты заңға қайшы әрекеттер жасаған. Олардың зәресін алып, тыныштығын бұзған. Жас жігітпен жан-жақты профилактикалық әңгіме жүргізіліп, оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, – деп атап өтті Солтүстік Қазақстан облысының ПД баспасөз қызметі. 

Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотының 6 сәуірдегі шешімімен оған әкімшілік айыппұл салынды. 

Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облысында ер адам бұрынғы сүйіктісін сотқа беріп, 2,5 млн теңге талап етті.

Тағы оқи отырыңыздар:

Жетісу облысында ер адам әйелді күрекпен аяусыз соққыға жықты

Төрт баланың анасын өлтірген күдікті өзіне қол жұмсамақ болды

Шығыс Қазақстан облысында жас жігітті атып кетті