Петропалда құбыр жарылып, бірнеше аудан тұрғындары сусыз қалды

Апат Мағжан Жұмабаев пен Сәбит Мұқанов көшелерінің қиылысында тіркелді. Салдарынан қысым төмендеп, бірнеше аудан тұрғындары сусыз қалды, деп хабарлайды өңірдегі BAQ.KZ тілшісі. 

Қазір арнайы қызмет мамандары оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Тұтынушалырға су қашан берілетіні белгісіз.

«Қызылжар су» мекемесінің бригадасы жұмыс істеп жатыр. Мамандар апат себебін анықтауда. 15 көпқабатты үй мен балалар ауруханасы, оңалту орталығы мен «СевКАзЭнерго» АҚ ғимаратына су беру тоқтатылды, - деді қала әкімі Руслан Аңбаев.

Коммуналдық мекеменің баспасөз қызметінің мәліметінше, диаметрі 800 мм құбырдың қосылған жері сөгіліп кеткен. Атқылаған су жақын маңдағы жер үйлердің ауласын басып қалған. Көше көктайғаққа айналды. Қаладағы су құбырларының 70 пайызға жуығы тозғанын айта кеткен жөн.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы