16 Ақпан 2026, 19:23
Фото: instagram.com/sko24.kz
Петропалда көлік тұрғын үйдің қабырғасына соғылды
Жүргізуші көлікпен тұрғын үйге кіріп кеткен.
Петропалда жеңіл көлік тұрғын үйдің қабырғасына соғылған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Петропавл қаласындағы Украинская көшесінде Subaru Legacy автокөлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, көлік тұрғын үйдің қабырғасына соғылған. Жүргізуші медициналық көмекке жүгінді. Басқа зардап шеккендер жоқ, - деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысының ПД баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда.