Пестицидтерді субсидиялауға 37 млрд теңге бөлінген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров көктемгі егіс жұмыстары барысында пайдаланылатын дәрілерді субсидиялауға 37 млрд теңге бөлінгенін айтты.

Жергілікті облыс бюджетінен пестицидтерді субсидиялауға 2020 жылға 37 млрд теңге көзделген, бұл шамамен 16,6 млн литр пестицидті субсидиялауға мүмкіндік береді. Алғашқы рет гербицидтер ғана емес, сонымен қатар фунгицидтер мен инсектицидтер де субсидияланатын болады. Жалпы бұл егістіктің фитосанитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді – деді министр.

Сонымен қатар министр, көктемгі дала жұмыстарын уақтылы жүргізу үшін ақпан-маусым айлары мезгіліне 395 мың тонна дизель отыны бөлінгенін атап өтті.
Қазіргі жағдай бойынша бекітілген Кесте бойынша 314 мың тонна немесе барлық көлемнің 80%-ын жеткізу бойынша шарттар жасалды, оның ішінде өңірлерге 259 мың тонна (65%) тиеп-жөнелтілді – деді ол.

Мұнан бөлек министр егіс жұмыстарына қажетті техниканың жеткілікті екенін айтты.
Жыл сайын машина-трактор паркін жаңарту бойынша және егіс техникасының заманауи түрлерін сатып алу бойынша жұмыстар жүргізіледі. Өткен жылы жаңарту қорытындылары слайдта көрсетілген. Министрлік облыс әкімдіктерімен бірлесіп, карантиндік режимнің қолданылу уақытында сервистік қызметтердің, сондай-ақ жөндеу бригадаларының кедергісіз қозғалуына қатысты барлық мәселелерді пысықтағанын атап өткім келеді – деді ол.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ашық дереккөз
Өзгелердің жаңалығы