Перуде жанартау атқылап, тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Перуде Убинас жанартауының атқылауына байланысты жақын жерде орналасқан елді мекендердің тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріледі.
Andina агенттігінің деректеріне сүйенсек, жанартаудан көп мөлшерде күл мен шоқ, қызған тастар шашырауда.
"Бастапқы кезде жанартаудың маңайында тұратын халық көшкісі келмеген. Алайда, оларды қауіпсіз жерге көшіру қажет. Осы бейсенбіде алғашқы 500 адамды эвакуациялай бастаймыз", - деді ауданның мэрі Исаак Тола.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Трассадағы жол апатынан жүкті әйел қаза болды
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталу керек
Өзгелердің жаңалығы