Перуде жағаға шығып қалған бүкір кит құтқарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Перудің Зорритос жағажайында адамдар бүкір киттің өмірі үшін 1 күн бойы күресті, деп хабарлады 24.kz.

10 метрлік кит балықшылардың торына түсіп, толқынмен жағаға шығып қалған. Балықшылар мен еріктілер шырмалған жіптерді кескенше су жануарының тынысы тарылып, қиындық туған. 20 тонналық алып китті қозғау үшін арнайы техниканың көмегіне жүгінуге тура келді.

Айта кетейік, бүкір киттер жер бетіндегі ең ежелгі сүтқоректі жануарлардың бірі болып саналады. Олардың орташа салмағы 30 тонна.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы