Перуде какао мерекесі тойланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Перуліктер какао фестивалін атап өтті, деп хабарлады Хабар 24.

Тұрғындар осы мерекені тойлау үшін Сан-Мартин-де-Пангоадағы орталық алаңға жиналды. Мейрамға орай, какао өндірушілері дастархан жайып, қонақтарға тәтті сусын тегін таратылды. Бұған қоса, өндірушілер көпшілік назарына ананас, қаражидек, кофе дәмі бар шоколад түрлерін ұсынды. Жалпы Перуде какао фестивалін ұйымдастыру дәстүрге айналған. Биыл мереке осымен оныншы рет ұйымдастырылып отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы