28 Қараша 2026, 11:48
Фото: Peru21
Перуде әскери тікұшақ апатынан сегіз адам қаза тапты
Қаза тапқандардың бесеуі – Әуе күштерінің, үшеуі – Құрлық әскерлерінің әскери қызметшілері. Ұшқыш аман қалды.
Перуде Апуримак, Эне және Мантаро өзендерінің аңғарында (VRAEM) әскери тікұшақ апатқа ұшырады. Оқиға салдарынан сегіз әскери қызметші қаза тапты.
Peru21 басылымының мәліметінше, марқұмдардың бесеуі – елдің Әуе күштерінің, үшеуі Құрлық әскерлерінің әскери қызметшілері. Тек тікұшақтың ұшқышы аман қалған. Оны Лима қаласына жеткізу жоспарланып отыр.
Тікұшақ Аякучо өңірінің Канайре округіне қарасты Санабамба елді мекенінің маңында әскери операция кезінде апатқа ұшыраған.
Хабарланғандай, әуе кемесі әскери патрульді эвакуациялау операциясына қатысқан. Қазір апаттың себептері анықталған жоқ.