Перуде 6,7 магнитудалы жер сілкінісі болды
Дүмпулерден кейін Лима тұрғындары ғимараттарды тастап шыққан.
Перудің орталық бөлігінде магнитудасы 6,7 болатын жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүмпулерінен кейін ел астанасы Лиманың тұрғындары қауіпсіздік мақсатында үйлерінен сыртқа шыққан. Бұл туралы «Синьхуа» агенттігі хабарлады.
АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, жер сілкінісі 21 қараша, сенбі күні Гринвич уақыты бойынша сағат 00:09-да болған. Астана уақытымен бұл – таңғы 05:09.
Алдын ала дерек бойынша, жер сілкінісінің эпицентрі оңтүстік ендіктің 10,85 градусы мен батыс бойлықтың 75,98 градусы нүктесінде орналасқан. Жерасты дүмпулерінің ошағы 108 шақырым тереңдікте болған.
Жер сілкінісі Перу астанасы Лимада сезілді. Қала тұрғындары үйлерін тастап, сыртқа шыққан.
АҚШ-тың цунами туралы ескерту жүйесінің мәліметінше, жер сілкінісінен кейін цунами қаупі жарияланған жоқ.