Перуашев экс-депутат Асқар Садықовқа қатысты жағдайды түсіндірді

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев партиялас әріптесі Асқар Садықовқа қатысты жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Экс-депутат Асқар Садықов өзіне тағылған айыпты әлеуметтік желіде жоққа шығарып жатыр. Бұл жағдайға қатысты не айтасыз?, – деп сұрады журналистер депутат Азат Перуашевтен.

Ол Салтанат Нүкенованың жағдайынан кейін қоғамда әйел адамға күш, жәбір көрсетуге бәрі қарсы екенін еске салды.

Бұл жағдай мен үшін жағымсыз оқиғаның бірі. Естеріңізге сала кетейін, Асқар Садықовты партиядан 1 шілдеден бастап шығарған болатын. Біз 2 ай бұл мәселені көтермедік. Пленарлық отырысқа келген күнімізде сіздердің әріптестеріңіз Жания Уранхаева осы мәселеге қатысты сұрап, мұның харасментке жататынын сұраған болатын. Ол кезде бұл ақпарат тарап кеткен еді. Қазір ол (Асқар Садықов – ред) барлығын жоққа шығарып жатыр. Мені диктатор ретінде көрсетіп жатыр. Бірінші күні менен бұл мәселе туралы сұрағанда «ішкі тәртіпті бұзғаны үшін» деп мәлімдедік. Бұл тәртіптер жұмысқа да тікелей қатысты. Егер ол мен депутат ретінде не айтқым келсе, соны айтамын деп ойласа, онда қатты қателеседі. Сондықтан біз оны депутаттық мандатынан айырдық. Хаттарды алған әріптесіміз оны сотқа толығымен тарта алады, - деп түсіндірді Перуашев.

Азат Перуашев экс-әріптесі Асқар Садықовпен 10 жылдан аса уақыт таныс екенін айтты.

Дос деп айта алмаймын. Себебі ол Ақтөбеде жұмыс істеді. Бірақ 10 жылдан астам уақыт таныспыз. Біздің партияның ең маңызды ұстанымдарының бірі шалғай қалаларда, аймақта істейтін әріптестерімізге өсуге, Парламентте жұмыс істеуге мүмкіндік бердік. Бірақ сеніміміз ақталмады. Бірақ бұл бірінші жағдай емес. Естеріңізде болса, бұған дейін соғысты қолдаған әріптесімізді де партиядан шығардық. Меніңше, өз-өзін тазалайтын партия тірі «ағза», ұйым екенін көрсетіп отыр. Құқық қорғау органдарының ұстағанын күтпей, өзіміз әділетсіздікті көргеннен кейін бірден осындай шешім қабылдадық. Ол үшін партиядағы әріптестеріме алғысымды білдіргім келеді, - деді депутат.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Асқар Садықов харассмент үшін мандатынан айырылғанын жазған едік.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы