Перу астанасында жастардың наразылығы жаппай тәртіпсіздікке ұласты
Перу астанасы Лимада өткен қарсылық акциясы жаппай тәртіпсіздікке ұласты, деп хабарлайды BAQ.KZ Report агенттігіне сілтеме жасап.
Көше толығымен жастарға толды. Олар "Z ұрпағы президент Дина Болуартеге қарсы" деген ұранмен шықты. Наразылар үкімет пен парламент жұмысының ашық болуын талап етіп, зейнетақы жүйесіндегі реформаға қарсылық білдірді.
Алайда жағдай жылдам шиеленісті. Шерушілердің бір бөлігі әкімшілік ғимараттарды басып алмақ болған. Бұған жауап ретінде полиция көз жасаурататын газ бен резеңке оқ қолданды. Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, ұсталғандар мен зардап шеккендер бар.
Сарапшылар атап өткендей, Перудағы наразылықтар соңғы айларда әртүрлі елдерде болып жатқан жастар қозғалысының жалғасы іспетті.
Бұған дәлел ретінде қыркүйек айында Непалда орын алған "Z ұрпағының революциясы" аталған жаппай тәртіпсіздіктерді мысалға келтіреді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыдағы жер сілкінісі: Дүмпулер қайталануы мүмкін бе?
Өзгелердің жаңалығы