Пернетақтаны жасауда менің нұсқам негізге алынды – Рымбек Ізғали
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Премьер-министр Асқар Маминнің басшылығымен өткен қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссия отырысында жетілдірілген жаңа латын әліпбиі нұсқасы таныстырылған болатын.
Латын әліпбиіне көшу жөніндегі комиссияның мүшесі Рымбек Ізғали да қазақ жазуы емлесіне қатысты өз пікірін білдірді.
Ол өз сөзінде комиссияның төрт жұмыс тобына бөлінгенін, үш топ алфавиттің өзімен айналысса, төртіншісі техникалық және ақпараттық қолдауға көмек бергенін айтты.
2018 жылы жұмыс комиссиясының жиналысы болды. Содан кейін мен осы пернетақтаны жасадым. 3-4 сағат уақытым кетті, өйткені мен үшін бұл қиын жұмыс емес еді. Алдымен неміс, француз, итальян пернетақталарын қарап көрдім. Осы орайда мен қосымша белгілері барларға қарадым. Көп жағдайда олар белгіні оң жағына жасапты. Мен де солай етуді ұсындым, - деді Рымбек Ізғали.
Оның айтуынша, 2018-2019 жылдары пернетақта мәселесі әлі өзекті бола қоймаған, өйткені тек әліпбидің өзі талқыланды. Техникалық және ақпараттық қолдаумен айналысқан жұмыс тобы өткен жылдың күзінде қарқынды жұмыс істеген.
2020 жылдың соңында комиссия әліпбидің жаңа нұсқасын бекітті, ортақ пікірге келді. 2020 жылдың күзінен бастап біз ZOOM-да осы пернетақтаны талқылай бастадық. Жылдам теруге бағытталған нұсқа болды, бірақ ол жарамады. Жалпы, пенетақтаның үш нұсқасы болды. Қазіргі бұл нұсқа менікі емес. Менің нұсқамда төменгі және жоғарғы регистрлер ескерілді. Ұсынған кезде қай әріптер қайда орналасатынын айтқан жоқпын. Оны кейін алфавитке жауапты мамандардың өздері шешті. Дегенмен менің нұсқам негізге алынды, - деді Рымбек Ізғали.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жағдайы ауыр. Павлодарда лифт шахтасына ер адам құлап кеткен
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы