Пермьдегі атыс: Зардап шеккен және қаза тапқандар арасында қазақстандықтар бар ма?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университетіндегі атыс кезінде зардап шеккен және қаза тапқан қазақстандық студенттер жоқ.
Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазан қаласындағы ҚР Бас консулдығының консулдық окургі бойынша қазақстандық студенттердің жалпы саны шамамен 5 мың адам. Ал Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінде 22 қазақстандық студент оқиды. Университетте болған қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында қазақстандық студенттер жоқ, - деп атап өтеді ведомстводан.Еске салсақ, кеше Ресейдің Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінде атыс салдарынан 8 адам қаза тапты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Енді авиация инспекторлары қызметтік міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылуы мүмкін
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы