Перизаттың анасынан бөлек сыбайластары болды ма? - адвокат жауабы
Қайырымдылықтың ақшасын жымқырды деп айыпталған Перизат Қайраттың сотынан кейін оның қорғаушысы Асланбек Даулетияров журналистердің сауалына жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
БАҚ өкілі Даулетияровқа "Перизаттың анасынан бөлек сыбайластары болуы мүмкін бе?" деп сұрады.
Қалай сыбайластары болуы мүмкін? Егер олар өздерін кінәсіз деп санаса. Олар сыбалайстары туралы сөз қозғаған жоқ сот барысында, - дейді адвокат.
Оған тағы "шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін бе?" деп сұрақ қойылды.
Қорғаушы оған дейін әлі ерте екенін айтады.
Әлі сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Ол үшін Перизат пен анасы екеуі тағылған айыпты толық мойындауы керек. Бүгінгі таңда олардың позициясы - мойындамау, - деді ол.
Еске салайық бұған дейін Перизат Қайраттың адвокаты Асланбек Даулетияров сот үкіміне шағым түсіретінін айтқан еді.
Айта кетейік, бұған дейін Перизат Қайрат 10 жылға, ал анасы 7 жылға сотталды.
Бас прокуратураның мәліметінше Перизат Қайрат пен анасы 3,5 млрд теңгені заңсыз иемденген.
Сондай-ақ, Перизат Қайрат пен анасы 51 адамға 1,5 млрд теңге өтеуге міндеттелді.