Бүгiн 2026, 15:29 Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Перизат Қайраттың ісі бойынша тәркіленген кезекті автокөлік сауда-саттыққа шығарылды

Тағы бір автокөлік аукционда.

Мемлекеттік мүлік департаментінің қызметкерлері Перизат Қайраттың автокөліктерін белсенді түрде сатып жатыр. Алаяқтық ісі бойынша тәркіленген кезекті машина сауда-саттыққа шығарылды.

Астана қаласының Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті ақ түсті Mercedes-Benz EQE 500 4 matic автокөлігін сату туралы хабарландыру жариялады. Шығарылған жылы – 2023 жыл, мемлекеттік нөмірі – 111 KPK 01.

Автокөліктің бағалау құны – 26 269 000 теңге. Дегенмен машинаның кузовында зақымдар бар:

  • сол жақ есігі,

  • сол жақ артқы көрініс айнасы,

  • жүргізуші жақтағы сол есіктің әйнегі,

  • сол жақ қанаты,

  • сол жақ бампері,

  • сол жақ табалдырығы (подножка),

  • сол жақ фарасы.

Сауда-саттық 2026 жылғы 9 шілдеде сағат 10:00-де басталады. Өтінімді тек құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, саяси мемлекеттік қызметшілердің және Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының қызметін қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар ғана бере алады.

Еске салайық, бұған дейін блогер Жанабыловтардан тәркіленген смартфондар аукционда сатылатыны хабарланды

Тағы оқи отырыңыздар:

Перизат Қайрат пен танымал блогерлер рақымшылыққа іліне ме?

Перизат Қайратпен байланысы бар құрылыс компаниясының басшысы тергеліп жатыр

Перизат Қайраттың тәркіленген мүлкі қайда кетті?