Перизат Қайрат пара үстел теннисі федерациясының президенті қызметінен босатылды

Еріктілер қозғалысының белсендісі және қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайрат Пара үстел теннисі федерациясының басшысы қызметінен босатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұйымның мәліметінше, Перизат президент болып тағайындалғаннан кейін бірде-бір ресми отырыс өткізбеген және жұмыс бойынша бұйрықтар бермеген.

Перизат Қайраттың ұсталуына және тергеуге байланысты, ол ұйымның президенті қызметінен босатылды. Шешім 14 қарашада федерацияның кезектен тыс жиналысында қабылданды, - делінген хабарламада.

Еске салсақ, Перизат Қайрат көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деп күдіктелуде. Министр Аида Балаева Перизат Қайраттың ұсталуына қатысты пікір білдірген еді. Жалпы күдікке ілініп отырған Перизат Қайрат кім екені туралы мына материалдан оқи аласыздар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы