Pentium III компьютерін пайдаланып отырған әскери бөлімдер бар – Ахмедиев

Қорғаныс министрлігі оларды алмастыратын 350 мың теңгенің компьютерлерін сатып алуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бұл туралы  Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев  Президент жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Инфрақұрылым проблемасы бар. Компьютерлер мен серверлер, коммутаторлар ескірген. Мұны да мойындау керек. Соңғы 3 айда 10 шақты әскери бөлімді аралап шықтық. Кейбір әскери бөлімдер 10-15 жыл бұрын қолданған Pentium III компьютерлерімен жұмыс істеп отыр. Ол да бір ауқымды проблема. Бұл мәселелерді шешу үшін нақты мақсат қойып отырмыз, - деді ол. 

Ахмадиев ол компьютерлердің санын айта алмайтынын айтты. 

Олардың қаншасын ауыстыру керегін де айта алмаймын. Бірақ проблема бар. Военкоматтарда көп компьютерді ауыстыру керек. Олардың орнына сатып алынатын бір компьютердің құны 350 мың теңгені құрайды, - деді Ахмедиев.

Сатып алынатын компьютерлердің максималды құны – 350 мың теңге. Олар үш санатқа бөлінеді. Қорғаныс министрлігі бірінші санаттағы компьютерлерді сатып алмақ. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы