Пентагон: АҚШ Иранның ядролық қаруға ие болуына жол бермейді
АҚШ Иранның ядролық қару алуына жол бермейді. Бұл туралы АҚШ-тың Ұлттық қорғаныс стратегиясының жаңартылған нұсқасында айтылған, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Құжатта АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранға ядролық қару иеленуге рұқсат етілмейтіні жөніндегі ұстанымы бірнеше рет мәлімделгені атап өтіледі. Пентагонның мәліметінше, Иран басшылығы ядролық қару алу мүмкіндігін толық жоққа шығармай отыр.
Сонымен қатар АҚШ Қорғаныс министрлігі Тегеранды сындарлы келіссөздерге қатысудан бас тартып отыр деп бағалайды.
Айта кетейік, бұған дейін Иран сыртқы істер министрі Аббас Арагчи Вашингтонмен тең негізде келіссөз жүргізуге дайын екенін мәлімдеген болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
TikTok АҚШ-та жаңа келісімге қол жеткізді
Өзгелердің жаңалығы