Бүгiн 2026, 01:29
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов
Пентагон: АҚШ Иранмен әскери қақтығысқа шамамен 25 млрд доллар жұмсады
Пентагон өкілі бұл мәселе бойынша түпкілікті есеп әлі жасалмағанын да атап өтті.
АҚШ Иранға қарсы жүргізіліп жатқан әскери операцияға осы уақытқа дейін шамамен 25 миллиард доллар қаржы жұмсаған. Бұл туралы Пентагон өкілдері Конгресс Өкілдер палатасының Қарулы күштер комитетіндегі тыңдауда мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
Американдық соғыс министрінің қаржы жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы Жюль Херсттің айтуынша, аталған қаражаттың негізгі бөлігі әскери оқ-дәрілер мен операциялық шығындарға бағытталған.
«Бүгінгі күнге дейін “Эпикалық Қаһар” операциясына шамамен 25 миллиард доллар жұмсалды. Бұл шығынның басым бөлігі оқ-дәрілерге тиесілі», – деді ол.
Херсттің сөзінше, қазіргі есептеулер алдын ала сипатқа ие, ал алдағы уақытта Ақ үй операцияның нақты құнын толық бағалап, Конгреске қосымша қаржы бөлу туралы өтініш жолдауы мүмкін.
Пентагон өкілі бұл мәселе бойынша түпкілікті есеп әлі жасалмағанын да атап өтті.