Пентагон: АҚШ Еуропадағы әскерін қысқартуды жоспарлап отырған жоқ

АҚШ Қорғаныс министрлігі Еуропадағы америкалық әскери контингентті азайту жоспары жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Конгресс Сенатының Қарулы Күштер комитетінің тыңдауында Пентагонның стратегия, жоспарлар және әлеует жөніндегі көмекшісі Остин Дамер хабарлады.

Мен Еуропадағы әскер санын одан әрі қысқартуға қатысты нақты жоспарлар туралы білмеймін, – деді ол.

Дамердің айтуынша, егер мұндай шешім қабылданса, ол туралы Конгресс мүшелеріне «жабық форматта және тиісті уақытта» хабарланады.

Бұған дейін Румынияның Қорғаныс министрлігі елдегі америкалық әскери қызметшілер саны 1,7 мыңнан 1 мыңға дейін азайғанын хабарлаған. Министр Йонуц Моштянудың сөзінше, АҚШ өз күштерін Үнді-Тынық мұхиты аймағына шоғырландыруды көздеп отыр.

Дегенмен Пентагон бұл бағытта ресми түрде ешқандай қысқарту жоспары қабылданбағанын растады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Sean Gallup / Getty Images
Өзгелердің жаңалығы