Педиатрия орталығының мамандары күрделі ота жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының мамандары туабітті ісікті алу бойынша жаңа туған нәрестеге күрделі ота жасады.
Сегізкөз-құйымшақ тератомасының алып ісігі жатыр ішінде 19 апталық кезде анықталған. Сондықтан, сәби дүниеге келе салысымын перзентханадан Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына жеткізілді.
3818 гр. салмақтағы жаңа туған нәрестеге хирургиялық ота үш күннен кейін жасалды. Оған дейін сәбидің денсаулығына байланысты арнайы емдік-дайындық шаралары қажет болды. Күрделі ота 3 сағатқа жалғасып, сәтті өтті. Отаны Педиатрия орталығының білікті дәрігері, хирург-неонатолог Литош Владимирдің жетекшілігімен өзі ісінің білгір мамандарынан құралған команда жасады. Ісіктің жалпы салмағы 1028 гр болған.
Кішкентай пациент отадан кейінгі үшінші күні реанимация бөлімінен неонатология бөліміне палатаға анасының жанына ауыстырылды. Қазіргі уақытта нәрестенің жағдайы тұрақты, анасымен бірге палатада.