Педагогтерге 100 мыңнан астам әдістемелік құрал қолжетімді болады

Әдістемелік материалдардың цифрлық кітапханасы Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында жұмыс істеуде, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Жоба республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханамен бірлесіп жүзеге асырылуда. 

Алтынсарин Академиясының президенті Мадина Тыныбаеваның айтуынша, педагогтерге ыңғайлы болу үшін іздеу жүйесі мен ӘОЖ және QR-кодты автоматты түрде беру орнатылған. 

Қазір Алтынсарин академиясының сайты әдістемелік құралдар мен диссертациялардың сандық кітапханасымен біріктірілген. Бірыңғай цифрлық ресурста педагогтер оқу бағдарламаларына, әдістемелік ұсынымдарға, педагогикалық ғылымдар бағыты бойынша диссертацияларға, білім беру стандарттарына және тағы басқаларға қол жеткізе алады, - деп бөлісті Мадина Тыныбаева. 

Айта кетейік, цифрлық кітапханада 100 мыңнан астам әдістемелік құралдар, диссертациялар және басқа да ғылыми жұмыстар қолжетімді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Өзгелердің жаңалығы